Тұтынушылардың құқықтарын қорғау әлі де өзекті
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатысы бекітілген. Алғашында тұтынушы тапсырылған жұмысқа залал келсе, наразылығын білдіреді, екіншіден- арыз-шағымдар уәкілетті мемлекеттік органдар қарауына жіберіледі. Соңғы сатысында- тұтынушының сотқа жүгінуіне болады.Бүгінгі таңда облысымызда 13 тұтынушы дауларды сотқа дейінгі реттеу үшін тіркелген. Оның ішінде 5 қоғамдық бірлестік, 5 медиатор мен 3 өзін-өзі реттеу субъектісі бар.Департаментпен 2024 жылдың қаңтар-наурыз айында 353 тұтынушының өтініші қаралған.Департаменттің жұмысы жан-жақты. Алдымен тұтынушының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне мән бере отырып, олардың жұмысындағы мәселелерді шешуге көмектесу.Количество показов: 323
Дата создания: 05.04.2024 06:08:18