Төрт ауданда мектеп бітіру кеші өтпейді
Биыл Ырғыз, Темір, Хромтау, Шалқар аудандарында түлектерді шығарып салу кеші болмайды. Тек мектеп бітірушілердің қолына салтанатты түрде аттестаттары табысталады. Ал мектеп бітірушілерге арналған кештің ас мәзірі алдын- ала санитар мамандармен келісілуі тиіс. Облыс бойынша 172 білім мекемесінде түлектер кеші ұйымдастырылады. Ертең барлық мектеп бітірушілер 11 жылдық білімін қорытындылап, қолдарына аттестат алады. Санитар - эпидемиологтар алдын - алу шаралары елеулі күннің шырқын бұзбас үшін қажет дейді. Биыл түлектер кешін ұйымдастырудан бас тартқан аудандар бар. Олар алдын - ала санитар дәрігерлермен байланысып, хабарлама таратқан. Балабақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының барлығы санитарлық талаптарға сүйенуге міндетті. Түлектердің мектеп бітіру кешінде жасалатын аз мәзіріне талап күшті. Мамандар ет қосылған құймақ, кондитерлік өнімдер мен жартылай дайындалған балық өнімдерін, үй жағдайында әзірленген сусындарды пайдалануға тыйым салады. Сондай- ақ бұл шараны табиғат аясында атап өтетін түлектер қауіпсіз тағамдарды таңдап, көкөністерді жақсылып жууға көңіл бөлуі тиіс. Бұл жұқпалы ішек ауруларының, тамақтан уланудың алдын - алу үшін қажет. |
Количество показов: 2579
Дата создания: 20.06.2013 19:26:06