Тұрмыстық зорлық азаяр емес
Қаланың өзінде ғана күніне 30 шақты әйел полицияға шағым айтып қоңырау шалады екен. Ішімдік ішіп, үй ішінің мазасын алатын ер азаматтар көбейген. Бүгін қоғамдық кеңес отырысында отбасылық жанжал мәселесі талқыланды. Отбасылық зорлық-зомбылық әркеті бойынша өткен жылы 5 қылмыстық іс сотта қаралса, биылғы жылы бес айдың ішінде ғана 4 іс тіркеліпті. Жанұядағы жанжалдан бір әйел қайтыс болған. Тағы бір ер азаматты өзінің туған бауыры пышақтап өлтірген. Қоғамдық орында өзінің әйелін өлтірмек ниетпен пышақ жұмсаған ер азаматтың ісі де полиция тергеуінде. Абырой болғанда оқиға көпшілік орында болып, зардап шеккен келіншекті өзгелер өлім аузынан алып қалған. Отбасылық зорлық зомбылық оқиғалары бойынша тіркелетін қылмыстық істердің арасында ауыр дене жарақатын салу деректері жиі кездеседі. Көп жағдайда дау-дамайдың туындауына ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш себеп болады,- дейді тәртіп сақшылары.Количество показов: 411
Дата создания: 01.06.2024 07:26:37