Түрмеден шыққандарға да жұмыс бар
Пробациядағы адамдарды бақылау елдегі тұрақтылықты, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін маңызды. Бүгінгі өткізілген шараның мақсаты да-қылмысты болдырмау, олардың әл-ауқатын көтеру, бұрын істі болып, жазасын өтеп шыққандарды тұрақты жұмыспен қамтып, қолдау білдіру.Жазасын өтеп шыққан азаматтар жұрттың өздерінен теріс айналатынын, оған қоса жұмыс пен баспана мәселесі де қинайтынын айтады. Өйткені, кез-келген жұмыс орны әуелі соттылығы жайлы анықтама талап етеді. Бұрын-соңды істі болған адамды, лауазымды қызметке былай тұрсын, жалпы жұмысқа алуға ниеттілер аз. Ал Облыстық полиция департаменті қолға алған шараға қаладағы бірнеше кәсіпорын қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын ұсыныпты. Былтыр Мансап орталығына Пробация есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 200 адам өтініш білдірген. Оның 21-і тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ер адамдар күзетші, дәнекерлеуші, құрылысшы болса, әйелдер қауымы- аспазшы болып жұмыс істеуде. Тәртіп сақшылары бұл іс- шара жыл сайын өтіп тұратынын айтады.Жәрмеңкеге келіп жатқандардың көбі әкімшілік қадағалауда тұрған, мерзімінен шартты түрде ерте босағандар, қорғау нұсқамасы қойылған және сотпен ерекше талап қойылғандар, маскүнемдікке, нашақорлыққа салынғандар.2025 жылы пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға 8 мекемеге 15 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға 6 мекемеге 8 жұмыс орнынан квота берілді.
Количество показов: 305
Дата создания: 11.02.2025 00:37:52