Тұрғындарды өрттен аман алып шыққан офицер медальмен марапатталды
№6655-әскери бөлімінің тарихында қалатын ер жүректілер тізімі жаңа есіммен толықты. Кереев көшесіндегі №1 үй тұрғындарын өрттен аман алып қалған №6655-әскери бөлім командирінің орынбасары Милас Қабошов бүгін жан - жақты алғысқа бөленді. "Ішкі әскердің 20 жылдығына арналған" медальмен марапатталды. Басын қатерге тіккен ерлік иесінің құрметіне әскери бөлімде бүгін салтанатты жиын өтті. Милас Қабошов ерліктің өшпес үлгісімен №6655 әскери бөлімінің ерекше тізіміне оныншы болып енді. Жуырда ғана әскери шені көтеріліп, су жаңа көлік мініп, өмірдің жаңа белесіне аттаған офицер ойланбастан басын қатерге тікті. Шілденің он үші күні Кереев көшесіндегі мына алты қабатты үйдің тұсынан өте бергенде Милас өрт шығып жатқанын байқайды. Ол еш ойланбастан шұғыл әрекет етіп, тұрғындарға көмектесе бастаған. Өрт сол үйде пәтер жалдап тұрған қыздардың кесірінен туындапты. Олар үтікті тоққа қосулы қалдырып, тысқа шығып кеткен. Абырой болғанда тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Милас Қабошовтың өңірімізде әскери қызмет атқарып жүргеніне жеті жыл. Павлодар облысының тумасы. Қазір №6655-әскери бөлім командирінің орынбасары. Бүгінгі салтанатты жиынға ол жұбайымен және қызымен бірге келді. Кереев көшесіндегі №1 үй тұрғындарын өрттен аман алып қалған офицер Милас Қабошов бүгін жан - жақты алғысқа бөленді. "Ішкі әскердің 20 жылдығына арналған" медальмен марапатталды. Басын қатерге тіккен ерлік иесінің құрметіне бүгін әскери бөлімде концерт ұйымдастырылды. |
Количество показов: 1830
Дата создания: 19.07.2013 18:37:52