Тұрғындардың кондоминиум қызметіне көңілдері толмайды
Жаманқұлов көшесіндегі №15 жатақхананың тұрғындары бүгін жаппай наразылыққа шықты. Жұртшылық ақша жинай беретін "Қабақбаев" жеке кәсіпкерлігі жүргізіп отырған кондоминиум шаруашылығында шикілік бар деп санайды. Пәтердің әр шаршы метрі үшін жиналатын ақшаны өсіргенін кондоминиум басшылығы тұрғындарға ескертпеген. Өскен бағаны жақында ғана төлемақы парағынан көргенде абдырап қалдық дейді олар. Тұрғындар әр шаршы метр аумақ үшін төленетін ақыға қарсы емес. Тек жиналған қаражатқа сай тазалық жұмыстары жүргізілмейтініне қынжылады. Ескі жатақхананың әбден күйі кетіп тұр. Жоғары қабат төбесінен су тамшылап, дәліз жарықтан ажыратылған. Электр желілері ашық-шашық, дәретхана мүлде тазаланбайтын көрінеді. Кейбір тұрғындар жатақхананың шаруашылығына жауапты кондоминиум лайықты жұмыс көрсетпейтін болғандықтан ақша төлемей отырғандарын айтады. Себебі соңғы жиналыста "Қабақбаев" жеке кәсіпкерлігі жатақханаға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3 млн теңге жинап берулерін сұраған. Онсыз да тапқандары күнделікті күн көрістен ауыспайтын жұртшылық бұл ұсынысқа қарсы болған.
Мәселе бойынша "Қабақбаев" жеке кәсіпкерлігі төрағасы Ахан Қабақбаев өз тарапынан жауабын берді. Мекеме басшысы қазір дәнекерлеу жұмыстары саласындағы мамандардың еңбегі арзан тұрмайтынын алға тартты. Мекеме 90-ға жуық отбасы тұратын жатақханадан жұмысты үзбей жүргізіп отыру үшін ай сайын қажетті қаржыны жинай алмай отыр. Тіпті біраз пәтердің үстінен коммуналдық шығын қаражатын өндіру мақсатында сотқа арыз жолданған.
Количество показов: 675
Дата создания: 07.04.2021 18:24:49
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>