Тұрғындар жолдың кеңейтілуіне қарсы
Әуе қалашығындағы №5 үйге тиесілі ауланың бір бөлігі көлік жолына айналмақ. Ал тұрғындар болса мұндай өзгеріске үзілді-кесілді қарсы. Олар бір жағынан ауламыз тарылып қалатын болды десе, бір жағынан өздері мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. Ақтөбе халықаралық әуежайындағы жол айрықтан бастап Әуе қалашығындағы темір жолмен қиылысатын жол бөлігі қайта жарақтандырылып жатыр. Бұл үлкен жобаны жүзеге асыру қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі "КТП" ЖШС-не жүктелген. Жоба құны 227 миллион теңге. Желтоқсан айында дайын болуы тиіс. Қазір жол төрт жолақты болып кеңейтілуде. Ал бұған Әуе қалашығындағы №5-үй тұрғындары наразы. Үй алдында өсіп тұрған талдар оталып жатыр. Жұмысшылар жол салатын орын дайындауға кіріскен. Қала әкімінің орынбасары Геннадий Дудаков жоба түгелдей талапқа сай жүзеге асырылуда деген уәж айтты. Бұл жерде жаяу жүргіншілер жолағы да қарастырылған. Тротуар да жолдың тұрғын үйлер орналасқан жағынан салынады. |
Количество показов: 1778
Дата создания: 23.09.2013 19:01:57