Тұрғындар үйлері маңындағы жаңа құрылысқа қарсы шықты
Халықтың айтуынша, бұл жерде ет өнімдерін сататын дүкен мен цех орналаспақ. Ғимарат биіктігі 12 метр. Салынатын нысан үшінші қабатқа дейінгі пәтерлерді күннің көзінен көлегейлейді. Сондай-ақ, тұрғындар көліктерден аяқ алып жүру мүмкін болмай қалады, деп тыныштықтарының да бұзылатынына алаңдаулы. Құрылысқа түбегейлі қарсы шыққан тұрғындар қаланың қасбетіне жауапты мекемеге арыздарын жолдауға бекінген. Заң органдарына да үшбу хат жазып қойған. Бүтіндей бір үй тұрғындары қарсылық қағаздарына қолдарын қойып берген. Мекемеден белгілі болғандай, аталған құрылысқа ешқандай рұқсат берілмеген болып шықты. Яғни, тұрғындардың арызы бойынша аталған жерде тексеру жұмыстары жүргізілмек. Заңбұзушылықтар анықталатын болса, құрылыс алаңы бірден сүріледі.
Количество показов: 950
Дата создания: 27.07.2020 20:04:52