Тұрғындар полицияға 156 қару тапсырды
Әртүрлі себептермен қаруды үйінде сақтап келген тұрғындар енді ішкі істер органдарына тапсырып жатыр. Тегін емес. Арнайы сыйақы төленеді.
Қаруды сатып алу шарасы басталған уақыттан бері облыс бойынша 156 қару, 1 мыңға жуық оқ-дәрі тапсырылған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, облыс тұрғындары белсенді атсалысып жатыр. Тіпті, раритет саналатын дүниелерді де тапсырып жатқандар бар. Мысалы, Байғанин ауданының тұрғыны халық арасында "Фроловка" аталып кеткен 32-калибрлі мылтығын тапсырған. Одан өзге, 1933-38 жылдары кең қолданыста болған немістің "Геко" аңшы мылтығы, австриялық "Густав Биттнері" де бар. Қарудың құны шыққан жылына, жарамдылығына және санатына қарай бағаланады. 6 мен 100 айлық есепткіш көрсеткішке дейін сыйақы беріледі. Акция қыркүйектің аяғына дейін жалғасады. Ерікті түрде тапсыруға ниет білдірген азаматтар 51-46-08 сенім телефонына хабарласа алады.
|
Количество показов: 1852
Дата создания: 13.09.2013 18:17:20