Тұрғындар көшедегі гүл сатушыларының қызметіне наразы
Шәмші Қалдаяқов көшесінің тұрғындары наразылыққа шықты. Олар- үйлерінің маңында отырып гүл саудалайтын сатушылардың әрекеті заңсыз деп есептейді. Айтуларынша таңертеңнен кешке дейін толастамайтын сауда мазаларын әбден қашырған. Ал Қалдыаяқов көшесінде 5 гүл сататын салон орналасқан. Шәмші Қалдыаяқов көшесінде гүл салондары жетерлік. № 27 үйдің маңында бес бірдей салон орналасқан. Соған қарамастан аталған көшеде жаздай бау-бақшаларында өскен гүлдерді қиып әкеліп саудалайтын бағбандар азаймайды. Мұндағы бақша гүлдерінің бағасы мың мен 1500 теңгенің аралығында. Күн құрғатпай осы жерге жиналатын гүл сатушылардың қызметі тұрғындардың қытығына әбден тигенге ұқсайды. Бүгін тұрғындар наразылыққа шықты. Олар сатушыларды- бізге тыныштық бермейсіздер, жүргіншілер жолына жайғасып отырғандарыңыздың өзі бізге кедергі деп кінәлайды. Тұрғындар осы мәселені шешу үшін биыл жергілікті әкімдікке үшбу хат жолдапты да. Енді жауабын күтуде. Заңсыз көше саудасы тыйылса, тыныштық орнайды. Әрі көше таза болады. Келіп кетуші көліктер азаяды дейді тынышы қашқандар. Наразылыққа шығушыларды гүл сатушылар санының күн санап көбейіп бара жатқаны одан сайын ызаландырып отыр. Сондықтан далада сауда жасағысы келетіндер үшін арнайы сауда сөрелері қойылсын деп талап етуде. Әзірге үйлерінің маңын меншіктеген сатушылардың әрекетіне көз жұмып қарауға мәжбүр. |
Количество показов: 1927
Дата создания: 19.08.2013 17:51:04