Тұрғындар Әбілқайыр хан даңғылы бойында жүргізіліп жатқан құрылысқа қарсы шықты
Көршісінің сөзін жалғастырған Айбек Ақшолақовтың балалық шағы осы аулада өткен. Көше басты даңғылға айналғалы бұл маңда балаларды алаңсыз ойынға жіберу қауіпті. Бірде болмаса бірде көліктер қағып кетуі мүмкін дейді ол. Өткен аптадан бері қызу жүріп жатқан құрылысқа- мердігер "Ұлан" компаниясы жауапты. Шаһарда бірнеше жылдан бері қарқынды жобалар жасап жүрген компания 161 шақырым аумақты қамтитын екі қатарлы, әйнекті нысанды 5 айда тұрғызып беруге уәде еткен. Тапсырыс берушінің аты-жөнін айтудан бас тартқан жауапты маман жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздік мәселесі толық сақталғанын айтты. Тапсырыс беруші жақ қалалық әкімдікпен үш жақты жасалған келісімшартты ұсынған. Алдын ала жасалған сызбада нысанның айналасы абаттандырылатыны көрсетілген. Құрылыс барысында сүрілген ағаштардың орнына жаңадан көшеттер отырғызылады. Көлік тұрағы да қарастырылған.
Количество показов: 829
Дата создания: 02.09.2020 19:54:54