Тұрғындар қалашығы ауданында жаңбырдан зардап шеккен 15 пәтерге жөндеу жұмыстары басталды
Тұрғындар қалашығы ауданында жаңбырдан зардап шеккен 15 пәтерге жөндеу жұмыстары басталды. Пәтер иелеріне келтірілген материалдық залал 20 000 мен 200 мың теңге аралығында. Бүгінде "Байсанат" ЖШС Жеңіс даңғылы №33 үйдің 31-ші пәтерінде жөндеу жұмысын аяқтаған. Қалған пәтерлер осы айдың соңына дейін қалпына келеді.Еске салсақ, демеушілер қаражатына Тұрғын үй қалашығы ауданында 30-дан астам үйге реновация бағдарламасымен жөндеу жұмысын жасауды мойнына алған жеке компания жұмысшылары мамырда бірнеше үйдің шатырын бір мезетте сыпырып алып тастады. 2-3 қатарлы көне үйлердің төбелері бүгінге дейін жабылмай, өткен нөсер жауын кезінде суға кеткен болатын. Нәтижесінде 15 пәтер зардап шекті.
Мердігер компанияларға тапсырыс беруші "Табыс- Ақтөбе" ЖШС өкілі Талап Усмадиннің сөзінше, пәтер иелеріне келтірілген материалдық залал 20 000 мен 200 мың теңге аралығында деп есептелген. Бүгінде "Байсанат" серіктестігі Жеңіс даңғылы №33 үйдің 31-ші пәтерінде жөндеу жұмысын аяқтаған. Серіктес өкілі біткен үйдің жөндеуіне қанша қаржы жұмсалғаны туралы есеп бере алмады. Жеңіс даңғылы №20, №30, №33 үйлер, Махамбетов көшесі №26 үй мен Қаратаев көшесі №11 үйдегі пәтерлер осы айдың соңына дейін қалпына келеді.
Количество показов: 614
Дата создания: 19.07.2021 18:21:28
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>