Тұрғындар қалашығы ауданындағы суға кеткен үйлерді комиссия тексереді
Тұрғындар қалашығы ауданындағы жаңбырдан зардап шеккен 15 пәтердің жағдайын бүгін "Табыс-Ақтөбе" ЖШС-гі директорының орынбасары аралап көрді. Аталған серіктестік аудандағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына жауапты басты мердігер мекеме. Төбесі ашық қалған бес үйдің жоғары қабаттары екі тәулікке жуық толастамай жауған нөсерден суға кеткен. Пәтер иелеріне келтірілген залалды анықтау мақсатында бүгін арнайы комиссия құрылған. Комиссия құрамында Астана ауданы әкімдігінен маман, тапсырыс беруші "Казхром" ТҰК" АҚ-нан өкіл және қала әкімдігі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімінен жауапты маман бар. Толассыз жауыннан Тұрғындар қалашығы ауданындағы Махамбет көшесі №26 үйдің жоғары қабаты қатты зардап шеккен. №25-ші пәтердің иесі Анастасия Лебедеваның айтуынша, жолдасы екеуі екі тәулік ұйықтамаған. Қолдары еден сүртіп, минут сайын жауын суына толған шелекті төгуден босамай тұр. №27-ші пәтерде де жағдай дәл осындай. 84 жастағы қос қария тұратын пәтердің тартылған аспалы төбесі жиналған суды көтере алмай жыртылғалы тұр. Пәтер ішінде шаққа қозғалып жүрген қариялар төбе басымызға түсер деп қорқып, бөлмелерге кіре алмай, дәлізде отыр.
Естеріңізде болса, Тұрғындар қалашығы ауданындағы 32 екі қабатты ескі үйлерге реновация бағдарламасы бойынша жаппай жөндеу жұмыстары осыдан бір жарым ай бұрын басталды. Осы уақыттан бері үйлердің есік, терезесі ауыстырылып, төбесі жаңғыртылды. 32 үйдің құрылыс жұмыстарымен жергілікті жеті мердігер серіктестік айналысуда.
Әзірге барлық үйлердегі жөндеу жұмыстары ауа-райының қолайсыздығына байланысты тоқтап тұр. Тек қана кешелі бері шатырсыз бес үйдің төбесіне су өткізбейтін жабынды төселген. Бірақ тұрғындардың айтуынша, бұл жабындылар түнде жауған нөсерге тосқауыл бола алмапты.
Количество показов: 606
Дата создания: 08.07.2021 19:12:23
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>