Тұрғындар қалашығы ауданындағы демеуші есебінен жөнделіп жатқан үйлер су астында қалды
Айтқандары айнытпай келді. Тұрғындар қалашығы ауданындағы демеуші есебінен жөнделіп жатқан үйлер су астында қалды. Мердігерлер жаңалаймыз деп бірнеше үйдің шатырын бір мезетте сыпырып алып тастағанда, ол үйлерде тұрып жатқан адамдар енді тез арада жабылмаса, жаураймыз деген еді. Кешелі бері толассыз жауған жауын Тұрғындар қалашығы ауданындағы реновация бағдарламасына іліккен ескі үйлерді басып салды. Табиғаттың тосын мінезі және жөндеу жұмыстарын жүргізуді мойнына алған мердігер компания жауапсыздығынан әсіресе Жеңіс даңғылындағы №20-шы үй тұрғындары зардап шекті. Жаңасына ауыстырамыз деп құрылысшылар екі қатарлы ескі үйдің шатырын 24-ші мамырда алып тастаған. Содан бері бір айдан астам уақыт өтті. Төбе әлі жабылмаған. Осының боларын біліп едік, дейді пәтерлерінде жаурап отырған тұрғындар. Ескі үйдің электр сымдары да әбден тозып тұр. Жаңбыр суы тисе, өрт шығар деген қауіппен тұрғындар апаттық қызметке хабарласып, кеше үйді жарықтан ажыратқан. Жеңіс даңғылындағы №20- үйде 18 пәтер бар. Басым бөлігінде жаңбырдан кейін шығындары шаш етектен. Ескі үйлердің бастапқы қалпына нұқсан келтірмей жаңалау жұмыстарына қаржыны трансұлттық компаниялардың бірі бөлген болатын. Ғимараттың шатыры, қасбеттерін қалыпқа келтіруді міндетіне алған құрылыс фирмалары жұмысты бастарда тұрғындармен санаспаған да. Енді "артық қыламыз деп, тыртық қылған" компаниялар пәтері суға кеткен адамдардың шығынын өтер ме екен? Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев, тұрғындар арада келісімшарт болса, сотқа бере алатындығын жеткізді.
Тұрғындар қалашығы ауданындағы 32 үй реновация бағдарламасымен жөнделуі тиіс еді. 8 ғимараттың қасбеті, төбесі жаңартылған. Қалған үйлерде жөндеу жұмыстары жартылай бітіп тұр. Кейбірінде әлі басталмаған. "Байсанат" ЖШС өкілі осыдан 15 күн бұрын жұмыстың кешеуілдеу себебін құрылыс материалының қымбаттауымен түсіндірді. Ал шатырсыз қалған үйлерді жаңбырдан қорғайтын жабындар бар деп тұрғындарды сендірген болатын. Тұрғындарға келген шығынды компания өкілі басшылығына жеткізетінін айтты. Айта кету керек, Тұрғындар қалашығы ауданында суға кеткен жалғыз бір үй емес. Жеңіс даңғылындағы №22, №29, №30-шы үйлердің де шатырлары жаңасына ауыстырылатын болып, сыпырып алынған. Олардың да төбелері әлі күнге дейін жабылмады.
Количество показов: 611
Дата создания: 07.07.2021 19:08:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>