Тұрғындар қалашығы ауданында "Халық сауда" шағын көтерме сауда орталығы ашылды
"Халық сауда" - бұл "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен жүзеге асырылып отырған жоба. Мұндағы азық-түлік тауарлары мен көкөністің бағасы нарықтағыдан 10-15 пайыз төмен болады. Себебі, тауар өндірушілер, ірі дистрибьюторлар және халық арасында делдал болмайды. Өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері де осы дүкенде сатылады. Жоба аясында 90 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, қариялар мен мүгедек жандарға көмектесу үшін еріктілерді тарту жоспарланған.Енді қаланың түкпір-түкпірінен "Халық сауда" дүкендер желісінен әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Жобаны ұйымдастырушылар, тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, "Халық сауда" дүкендерін қаланың 20 ауданынан ашып отыр. Кеше Тұрғындар қалашығы ауданындағы екінші дүкеннің ашылу рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, бір мезетте онлайн режимде өзге дүкендердің жұмысын бастап берді. Аймақ басшысы сондай-ақ, серіктестер қатарын арттырып, төмен бағаны тұрақты ұстап тұруды тапсырды.
Количество показов: 750
Дата создания: 03.09.2020 18:12:23