Тұрғын үйлерді басқару тәртібі өзгереді
Тұрғындар коммуналдық проблемаларға қатысты жұмыстардың барлығы заң аясында шешіліп, реттелетінінен хабардар. Бастама қолдау да тауып отыр. Түсіндіру жұмыстары бірқатар үйлерде жүргізілген. Бұл уақытқа дейін бір пәтер иелері кооперативі шамамен 10 үйді басқарып келген болатын. Осындай жағдайлар тұрғындар арасында көбінесе кикілжің туғызады. Заң қабылданса, тұрғын үйлер бір ғана басқарушы органға тәуелді болады. Бір үйден тағайындалған жетекші адам сервистік компаниялармен келісімшарт жасасып, барлық істі заңдастырып отырады. Мұның артықшылығы — тұрғын үй мәселесіне қатысты барлық іс ашық, жария түрде жүргізіледі. Яғни бір үйдің есепшотына түскен қаражат сол үйдің қажетіне ғана жұмсалатын болады.
Количество показов: 1052
Дата создания: 17.02.2020 19:38:39