Тұрғын үй нарығында баға түсіп жатыр
Жылда көктем, жаз мезгілінде тұрғын үй бағасы түседі. Қазір де қалада пәтерлер арзандап жатыр. Қаңтар-ақпан айларында тоқырау. Бұл мезгілде ешкім пәтер сатқысы да, сатып алғысы да келмейді. Ал қазір жылжымайтын мүлік агенттіктерінің жұмысы қыза түскен. Ақтөбеде пәтерлер қанша теңгеге бағаланады? Қандай, қай ауданда орналасқан үйлер сұранысқа ие? Қыста, әсіресе қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй нарығында тоқырау. Бұл жазылмаған заң. Ешкім қыста көшіп-қонып жүргісі келмейді. Ал наурыз айынан бері жылжымайтын мүлік агенттіктерінің жұмысы жанданды. Енді жаз бойы баспана сату-сатып алу тоқтамайды. Осы уақытта пәтер сатып алған тиімді. Себебі бағалары қыстағымен салыстырғанда 5 мың АҚШ долларына дейінгі шамада арзанырақ. Ал 3, 4, 5 бөлмелі пәтерлер 45 мың АҚШ долларынан жоғары. Элиталы үйдегі пәтерлердің құны 100 мың АҚШ долларынан басталады. Коттедждердің бағасы да 100 мыңнан жоғары. Бұл бағалар сақталып тұрғанда қолма-қол ақшамен пәтер сатып алуды қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Бұрынғысынша бір, екі бөлмелі пәтерлер өтімді. Ипотекаға үй іздеушілер қатары көп. Орталық аудандармен қатар қала шеті бірдей сұранысқа ие. |
Количество показов: 2395
Дата создания: 16.04.2013 18:44:31