Тұмаудан сақ болыңыз!
Тұмаудан сақ болыңыз! Алда эпилемиологиялық маусым келе жатыр. Ақ халаттылар дабыл қағуда. Осы орайда врустың алдын алудың бірден бір жолы-вакцина,-дейді мамандар. Биыл екпе жүргізу науқаны әдеттегіден ерте басталмақ. Бұған дүние жүзіндегі ахуал себеп болса керек. Вакцинациялау 15-қыркүйекте бастау алады. Екпе бірнеше санаттағы адамдар үшін тегін. Атап айтсақ, ақ халаттылар, диспенсерлік есепте тұрған науқастар, жүкті әйелдер, қарттар үйінің тұрғындары мен сәбилер үйінің тәрбиеленушілері , әлсіз балалар.Статистикаға жүгінсек, былтыр сырқаттардың арасында тұмаудың 10 түрі тіркелген. Науқастардың 80 пайызы бала. Ал он пайызы 1 жасқа дейінгі сәбилер. Пневмонияға шалдыққандар күрт өскен. 473 адам ауруханаға жатқызылыпты. Үшеуі жансақтау бөліміне түскен. Сондықтан, дәрігерлер жағдайдың биыл қайталанбауын қадағаламақ. Ол үшін тұрғындарды жаппай екпе алуға шақыруда. Тұмаудың алдын алудың ең қолайлы, қолжетімді түрі- тыныс алу жолдарын қорғау үшін қолданылатын маска. Осы кезеңде жіті респираторлық вирустық жұқпаның және тұмаудың алдын алу үшін мүмкіндігінше халық тығыз орналасқан жерлерге бармау қажет. Әсіресе балалар үшін жұқпа көзі мүмкін болатын қарым-қатынасты шектеген абзал. Құрамында С дәрімені бар асты тұтынып, гигена сақтаған жөн.Барлық мүмкіндікті мүлт жібермей уақытында емханаға қаралып, жұқпалы аурулардың алдын алғаныңыз жөн. Мамандар, емделгеннен гөрі алдын алу анағұрлым жеңілірек екенін ескертеді.Количество показов: 278
Дата создания: 12.09.2024 07:49:17