Төбесінен су сорғалап тұрған үйдің тұрғындары ақша жинаудан бас тартып отыр
Антонина Валиулина жылу жинаймын деп жар салғанымен, көмек беретін жан табылмапты. Жеке кәсіпкерлер көмектесеме деген үмітпен телеарнаға да хабарласты. Ол өзін ең жоғарғы қабатта , ашық аспан астында тұратын зейнеткермін дейді.Жаңбыр жауса болғаны, пәтердің іші суға толады. Әр жерге ыдыс қойып, тамшы жинау мүмкін емес. Шатыр шұрық тесік, аспандағы жұлдыз көрініп тұрмаса да, жаңбыр жауса судың астанда қаламын, дейді зейнеткер. Көктемде пәтердің іші сызданып, қабырғалар көктеп кеткен. Әкімдіктегілер модернизация жүйесі бойынша тұрғындар ақша жинап, несие рәсімдеу керек деген екен. Бірақ, мұндағы тұрғындар жеті жыл бойы несие төлеуге келісім бермей отыр. Шатырды жаңарту үшін 3,5 млн теңге қаражат керек.Количество показов: 296
Дата создания: 23.07.2024 05:53:10