Сыйақыға қару-жарақ қабылдау жалғасады
Облыс аумағында қару-жарақ тапсыру акциясы жалғасуда. Бір айдың ішінде тұрғындар өз еріктерімен полицияға 485 қару тапсырған. Оның 45-і иір ойықты, 432-сі тегіс ұңғылы қару, алтауы жаралағыш тапанша. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қару-жарақ тапсыру шарасы 31 қазанға дейін ұзартылды. Ақтөбеде қару-жарақ тапсыру шарасы 31 қазанға дейін ұзартылды. Іс-шара басталғалы бері тұрғындар өз еріктерімен заңсыз қаруларын тапсыра бастаған. Оның ішінде 1-уі француздық "Лефоше" қаруы. 4749 дана оқ-дәрі және 5 келі жарылғыш зат қабылданған. Акцияның негізгі мақсаты азаматтардан қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сыйақыға қабылдау. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты сыйақы тағайындалады. |
Количество показов: 2559
Дата создания: 30.09.2013 18:43:57