Суицидпен қоғам болып күресу керек.
Жасөспірімдер арасында суицид өзекті болып отыр. Оған статистика дәлел. Тек қана Ақтөбе емес, ел бойынша жаңалықтардан кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс пен өз-өзіне қол жұмсау деректерінің көбейгендігі туралы естиміз. Бүгінгі шараға түрткі болған да осы мәселе. Ата-ананың, мұғалімнің,барша қоғамның осы мәселеге назарын аудару. Баланың ішкі жан дүниесіне үңілу ата-ананың міндеті. Ал оқу орнында оғаш қылық байқайтын педагог. Сондықтан мәселемен қоғам болып күресуіміз керек,-дейді шара ұйымдастырушылары. Бүгінгі жиын барысында колледж студенттеріне түрлі деректер келтіріліп, баяндама оқылды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы суицид саны бойынша Қазақстан әлемде 12 ші орында тұр. Біздің қоғам суицидтің рухани дерт екенін мойындаған. Бүгінде өмірін қас-қағым сәтте қия салатын жасөспірімнің өміріне мамандар ғана емес, қалың жұрт алаңдайды.Жан-жақтан ағылған қажетсіз ақпараттар, өзгеше бір әлем іздеген жастардың моральдік-психологиялық тұрғыдан қолдау таппауы- құрдымға итермелеуі мүмкін. Сондықтан ата-ана болып, мұғалімдері болып бала бос уақытында немен айналысып жүр, қызығушылығы қандай, кім сіздің балаңызға авторитет ол жағын да біліп жүруіңіз керек,-дейді мамандар. Неше түрлі ойындар ойнап, трендтен қалмаймын деп автокөлік дөңгелегіне де түсіп жатқандар жетерлік. Бала әркез бақылауда болуы тиіс. :йде оған ата-ана, оқу орнында мұғалім жауапты. Ал түздегі баланың әрекетін мұғалім бақылай алмайды. Перзентінің әр қадамы мен қауіпсіздігі тек ата-ананың ғана құзырында.
Количество показов: 380
Дата создания: 16.11.2023 00:01:17