Суицидке 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер бейім
Бүгін халықаралық суицидтің алдын алу күні. Ақтөбеде жасөспірімдер арасында өз- өзіне қол жұмсау дерегі көбейген. Әсіресе Ақтөбе, Алға, Хромтау, Шалқарда жағдай мәз емес. Суицид көрсеткішінің былтырғы жылмен салыстырғанда көбейгендігі мамандарды алаңдатып отыр. Облысымыз психолог мамандарға зәру емес. Бұл проблема артта қалды. Соған қарамастан жасөспірімдердің өз - өзіне қол жұмсауы тыйылмай тұр. Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі Шамшырақ Сайлагиеваның айтуынша, ата - аналар мен балалар арасында алшақтық байқалады. 12-17 жас аралығындағы ұл- қыздар тәрбиеге бағынбайды. Керісінше, дәрі - дәрмек жұтып, туғандарының үрейін ұшыруға әуес. Суицидке ұмтылудың екінші себебі беймәлім дейді зерттей келе мамандар. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың ғаламторда отыру уақытын шектеу қажет деген пікірде. Мейілінше жасөспірімдер уақытының тиімді жұмсалуына жағдай жасалуы керек. Әйтеке би, Ырғыз ауданы жеткіншектерінің арасында суицид тіркелген жоқ. Қауіп байқалмайды да. Мамандар бұл елдімекендердің менталитеті, отбасы мен мектеп арасындағы тығыз қарым - қатынастың жолға қойылуынан болуы мүмкін деп пайымдайды. Шамшырақ Сайлагиеваның айтуынша, белең алған көрсеткішпен күрес мақсатында облыста арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. |
Количество показов: 2661
Дата создания: 10.09.2013 18:17:10