Судың да сұрауы бар
Жер шарының 75 пайызын су алып жатса да әлемде су тапшылығы мәселесі бар. Су ресурсы – өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын бұл проблема оқтын-оқтын көтеріліп, сала мамандары дабыл қағып жатады. Құрғақшылық пен қатар ескірген инфрақұрылым да бар. Мамандар 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін екенін айтады. Суды үнемдеу мақсатында "Тұтынудың әлеуметтік нормалары" егізілген. Соған сай тарифтер де өседі. Судың да сұрауы бар. Ал оның әр тамшысын есептейтін бірден бір мекеме-ол "Ақтөбе су энерджи групп" АҚ. Спикердің сөзінше, суды үнемді тұтыну мақсатында лимитті 4 деңгейлі тарифпен белгілеу енгізілді. Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген. Мәселен, І топ – айына 3 текше метрге дейін тұтынушыларға қолданыстағы тариф; ІІ топ – айына 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынушыларға тариф қолданыстағы тарифтен 20% - ға жоғары болады;ІІІ топ – айына 5-10 текше метрге тариф 50 %-ға жоғары;ІV топ – айына 10 текше метрден асатын болса екі еселенген тариф қолданылады.1-тамыздан бастап суға төленетін тариф те басқаша болмақ. Мәселен, 3 текше метрге дейін су тұтынатын азаматтар үшін 129,89 теңге. 3 тен 5 текше метрге дейін тұтынсаңыз 155,86 теңге, яғни қолданыстағы тарифтен 20 пайызға көп. 5 тен 10 текше метрге дейін су тұтынатындарға тариф 50 пайызға өспек. 194,83 теңге текше метрі үшін. Ал 10 текше метрден артық қолданатындар үшін судың құны әр текше метрі үшін 259,77 теңге болмақ.Количество показов: 302
Дата создания: 31.07.2024 04:35:43