Суағары жоқ көше көп
Жыл басында еліміздегі бірқатар аймақта су басу қаупі туындап тұрғаны ескертілді. Оған дайындық шаралары жоғары деңгейде жүргізіліп жатқаны да айтылды. Айтса айтқандай, көктем өңірімізде аласапыранмен басталды. Жаңбыр жауып, оған еріген қар суы қосылып қала мен бірқатар елді мекендер тасқын судан зардап шекті. Ақтөбеде суағары жоқ көше көп. Солардың бірі Ясный елді мекенінде орналасқан Құмсуат көшесі. №293 участок. Толассыз жауған жауын бұл көшені телегей теңіз қылды. Тұрғындардың айтуынша, көше тосын жағдайға тосқауыл бола алмайтын күйде. ауа райы бұзылса зәресі қашады. Жағдай жылда қайталанады. Дүйім жұрт әкімшіліктің табалдырығын тоздырып, нәтиже шықпағасын сотқа арызданған. Қалалық та, облыстық сот та тұрғындарды қолдапты. Бюджеттен қаражат бөлінді. Әйтсе де, нәтиже жоқ,-деп налиды жұрт. Жауаптылар бұл көшеге тротуар мен суағарлар салынатынын алға тартады. Айтуларынша, құрылыс жұмыстары басталып та кетіпті. "АсанаДорСтрой" серіктестігі күні-түні бұл учаскеде жұмыстанып жатқан көрінеді. Жоспарға сай биыл Ясный ауылында 15 көше жөндеуден өтуі тиіс. Жаяу жүргіншілер жолағы салынады, асфальт төселеді, жарықтандырылады, суағарлар орнату да жоспарда бар. Жауапты тұлғалардың айтуынша бұл іс қараша айында бітуі тиіс.Количество показов: 252
Дата создания: 02.07.2024 02:53:18