Су желісі істен шығып, 11-12 ықшам аудандар ауыз сусыз қалды
Күн суытып, мұз қатқанда тозығы жетіп тұрған құбырлар жарылып, "Ақбұлақ" АҚ-ын тығырыққа тіреуде. Угольник көшесі бойында магистральды құбырдан шыққан ақау 11 мен 12 ықшам аудандарды ауыз сусыз қалдырды. Абырой болғанда мектептерде демалыс. Ал балабақшалар жұмыстарын жалғастырып жатыр. 11-ақшам аудандағы "Арман" балабақшасы бүгін келген баланы үйіне қайтармаған. Таңғы ас уақытында берілген. Түстік те мезгілімен дайындалды. "Ақбұлақ" АҚ-ы дәретханаға пайдаланатын және ыдыс жууға қажет суды техникамен жеткізіп береміз деген. Ал қорда бар суды бақша тәрбиешілері үнемдемей, қажетімен пайдаланып жатыр. Балабақша меңгерушісі су қоры тек бір тәулікке ғана жетеді деп ескертеді. Апат орнына жұмылдырылған жұмыс күші көп. Құбыр жарылғанда айналаны су алып кеткен. Арнайы техникалар алдымен су сорғылауға кіріскен. Жер астымен өтіп жатқан құбырдың ақау шыққан бөлігі де анықталды. Диаметрі 500 мм шойын құбырдың жыртылған бөлігі ауыстырылуы қажет. Шойын құбыр 1970-ші жылдары өткізілген. Әбден тозығы жетіп тұр. Аяқ асты жарылуына да осы себеп болса керек. Бір жағынан тап осы жерден қазір жаңа көпір құрылысы жүргізіліп жатқанын да ескермеуге болмас. |
Количество показов: 2142
Дата создания: 12.11.2012 18:52:25