Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау
Эльмира Аманғали Темір ауданының тұрғыны. Көктемгі су атсқыны кезінде баспанасын су басқан. Дүние - мүлкі мен тұрмыстық техникалары істен жарамсыз болып қалды. Үкімет келтірілген шығын көлемін есептеп, 321 мың теңге біржолдық көмек берген. Бұдан бөлек баспасын жөндеуге 7 млн 727 мың теңге берілді. Қысылтаяң кезеңде қол ұшын созып, назардан тыс қалдырмаған билік өкілдеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, бұдан бөлек Темір ауданында 30 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін бюджеттен 148 млн теңге бөлінді. Әлі де, су тасқынынан зардап шеккен жандарға қаражат бөлу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай - ақ, су тасқынынан өлген 528 бас мал иесіне өтемақы түрінде 128 млн 611,1 мың теңге қаржы бөлінді.Количество показов: 306
Дата создания: 08.06.2024 13:33:05