Су тасқынынан зардап шеккен адамдар көмек күтуде
Екінші топтағы мүгедек Қазыбай Досымов үйдегі керек-жарақтың барлығы су астында қалғанын айтады. Тұрмыстық техникалары істен шыққан. Тоңазытқыш та істемейді, теледидар да көрсетпейді. Үйдің астан- кестеңі шығып жатьр. Мұның барлығын қалпына келтіріп алатын жағдайым жоқ,- дейді үй иесі. Қазыбай Досымов мүмкіндігі шектеулі қарындасы екеуі осы саяжай аумағында тұрып жатқанына 18 жыл болыпты. Көктемде жойқын су тасқыны болып, бұл аумақ түгел қызыл судың астында қалды. Әлі жәрдемақы да ала алған жоқпыз. Арнайы комиссия келіп, тексеріп кеткен, бірақ әзір көмектен хабар жоқ,- дейді мүмкіндігі шектеулі жандар.Саяжай аумағында 6 сотық жерден жыл сайын қап-қап картоп жинап алатын Қабира Бисенова бұл жолы да көшет отырғызып үлгердім деп отыр. Алғашқы көшеттер мамыр айының басында үсіп қалды. Екінші рет қызанақ пен бұрыш отырғыздым,- дейді бағбан. Қабира Бисенова тұрып жатқан үйдің де халі мүшкіл. Қабырғалар әлі сыз тартып тұр, еден де кеуіп үлгермеген. Түнде үй салқын, жағымсыз иіс те кетер емес. Суға кеткен үйдің кебетін түрі жоқ,-дейді саяжай тұрғындары.Количество показов: 335
Дата создания: 28.05.2024 06:21:01