Су тасқынына қарсы қалалық штаб өз жұмысын бастады
Кешелі бері коммуналдық мекемелерге тыным жоқ. Күннің күрт жылынуына орай, су тасқынына қарсы қалалық штаб жұмысын бастап кетті. Бүгін қала әкімінің орынбасары Генадий Дудаков топан суға қарсы шығарылған техникалардың әзірлігін тексеріп шықты.Кеше түс ауа басталған су сорғылау жұмыстары таңғы төртке дейін жалғасқан. Алты мың текше метр су сорылды. 50 мың тонна қар сыртқа шығарылған."Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөлімі" мекемесіне қоңырау шалған 30-ға жуық шаңыраққа шұғыл көмек көрсетілді.Су тасқынының алдын - алу үшін биыл бюджеттен 68 млн теңге бөлінген. Осы мақсатта құрылған қалалық штаб бүгін өз жұмысын бастады. Тұрғындар тәулік бойы 23-38-35 телефон нөмірі арқылы штабқа хабарласып, өз өтініштерін білдіре алады. Ал коммуналдық мекемелер су тасқынының алдын - алуға сақадай сай. Бұл туралы бүгін техникалық дайындықты пысықтап өткен қала әкімінің орынбасары Геннадий Дудаков мәлімдеді. Барлығы 72 су сорғылау техникасы, бір экскаватор және қосымша қызмет атқаратын көлік түрлері жеткілікті. Жанар - жағар маймен қамту мәселесі, жүргізушілер мен жұмысшыларды екі мезгіл тамақтандыру қарастырылған. Мердігер компания "Ақтөбе гордорстрой" серіктестігінің директоры Николай Буканевтың айтуынша, тұрғындар тарапынан жауапкершілік жетіспейді. Үй аулаларындағы қарды тұрғындар кеш шығарып жатыр. Солардың кесірінен іс өнбей жатыр. Айта кету керек, қалаға іргелес ауылдық округтерден еш шағым түспеген. Жалпы ылғалдан арылу үшін саз, құм, қиыршық тастар қосындысын себу жоспарланып отыр. |
Количество показов: 2173
Дата создания: 13.03.2013 18:59:34