Су тасқыны кезінде ерлік көрсеткен белсенділер марапатталды
Облыс басшысы су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.Ел игілігі үшін жасалған еңбек ел есінде сақталары анық. Облыс басшысы апат салдарын жоюға атсалысқан тұрғындарға шынайы ризашылығын білдірді. Қай уақытта да қайырымдылық істеріне келгенде алдыңғы саптан көрінетін волонтерлердің де еңбегі ерен. Еріктілердің күш-жігерінің арқасында маңызды бастамалар мен жобалар жүзеге асты. Алапат су тасқындап келіп қалғанда, отандастарымыз табиғат апатымен күресіп жатқан құтқарушыларға көмек қолын созды. Олар су басқан аймақтарда жауапты қызмет мекемелеріне жәрдемдесіп, жанқиярлықпен әрекет етті әрі батылдық танытты. Көбі адамдар мен жануарларды өз көліктерімен қауіпсіз жерге алып шықты. Мыңдаған жанашыр азамат тасқын судан қорғайтын бөгет салуға қатысты. Бүгін ерен еңбектері бағаланған тағы бір топқа облыс әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хаттар табыстады.Количество показов: 584
Дата создания: 20.06.2024 07:39:20