Су басу қаупі бар аумақ тұрғындарына ескерту жасалды
Бүгін қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері мен қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдері Мәскеу ауданы тұрғындарына қызыл судан қорғану шарттары көрсетілген ескерту парақтарын таратты. Мәскеу ауданы шаһардағы суға кетуге бейім аумақтардың қатарында. Көшелері қалың түскен қардан әлі толық тазартылмаған. Ескерту парақтарын құтқарушылар үй-үйді аралап жүріп, таратты. Ақпарат парағында үй, аулаларды қызыл судан қорғау жолдары, ал су басқан уақытта қандай әрекет жасау керектігі көрсетілген.
Мұндай рейдтік шаралар ақпан айынан бері өтіп жатыр. Бүгінге дейін өздеріне тиісті аумақтың қарын аршу, мұзын ою секілді жұмыстарды атқармаған 5 нысанға ескерту берілген.
Количество показов: 794
Дата создания: 17.03.2021 22:14:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>