Суға түсу маусымы ресми жабық
Көзді ашып-жұмғанша жаз да өте шықты. Онымен бірге өзен-көлдерде суға түсу маусымы да аяқталды. 1-ші қыркүйектен бастап суға түсу маусымы ресми жабылды. Ауа райының күрт салқындағанына қарамайтындар да бар. Төтеншеліктердің ескертуін пысқырмайтындар да жылда табылады. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін,-дейді құтқарушылар. Шомылу маусымы бітсе де жағажайды торуылдап жүретіндер тыйылар емес. Сондықтан мамандар рейдтік шаралар өткізіп, жағалаудағы қауіпсіздікті күшейтпек.Биыл жазда облыс бойынша 60 судағы демалыс орны жұмыс істеді. Оның ішінде қаламызда 23 жағажай және 2 аквопарк, аудандарда-37 жағажай демалушыларды қабылдады.Жаз бойы 25 коммерциялық және 35 коммуналдық жағажай жұмыс жасап тұрды. Қауіпсіздік мәселесі басты назарда. Осы мақсатта биыл қала мен аудандарға жалпы 7 003 327 млн теңгеге құтқару құралдары сатып алынды.Балаларды жаз мезгілінде жүзуге үйрету үшін облыс аумағында 76 қаңқалы модульдік бассейн жұмыс жасады және жаз басталғалы 8 577 бала осы бассейндерде барып, жүзуді үйренді. Әйтсе де, өңірде суға батып, көз жұмғандар саны азаяр емес. Шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға батты. Оның алтауы бала. Құтқарушылар жағажайда тек демалуға рұқсат етілгенін еске салады, суға түсуге болмайды. Заңбұзушылық болған жағдайда, жауапқа тартыласыз. Күндіз күн жылы деп суға түсуге де жол жоқ,-дейді мамандар.Количество показов: 289
Дата создания: 04.09.2024 08:55:13