Суға батқан 4 жасар бүлдіршінді құтқарған студент пен мектеп оқушысына ҚР ТЖМ медалі тапсырылды
Студент Айбар Серік пен мектеп оқушысы Манас Бимырзаға бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министірінің "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі тапсырылды. Бұл батырларды бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы алғыс айтып, марапаттаған болатын. Айбар мен Манас 28-ші мамырда Қарғалы су қоймасына батқан 4 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды. Бірі баланы тереңнен алып шықса, екіншісі алғашқы көмек көрсетіп, есін жиғызған. Бүгінгі күннің батырларына медальмен қосы естелік сыйлықтар табысталды. Салтанатты шарада облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқар Төлешов батырларды өз командасына шақырып, елімізге өздеріндей ержүректердің керек екенін айтты.
Қарғалы су қоймасының маңынан өтіп бара жатқан Айбар қыздардың шыңғырған дауысын естіген. Сол дауысқа қарай беттеген ол 4 жасар бүлдіршіннің суға батып бара жатқанын көріп, дереу көмекке ұмтылған. Айбар баланы судан алып шыққанымен, алдымен оны өлдіге санадым, дейді.Айбар судан шығарған балаға алғашқы көмек көрсетіп, есін жиғызған Манас Бимырза бүгін белгілі бір себептермен марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Дегенмен жақын арада жүлдесін алып кететіндігін жеткізді. Ал дәрігерлер құтқарылған баланың жағдайы бүгінде жақсы екендігін хабарлаған.
Количество показов: 675
Дата создания: 07.06.2021 19:10:32
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>