Студенттер жатаханасына салынған ақша талан таражға түсті
Сәуле Нұрбергенова қаладағы ең алғашқы студенттер үйін салған кәсіпкер. "Эрудит-Бизнес" компаниясының иесі өзінің серіктесі, қаржы директорының үстінен прокуратураға шағымданады. Тексеріс келген кезде 187 млн теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды. Бірақ прокуратура бірнеше ай өткен соң істі қылмыстық белгі жоқ деп жауып тастады, дейді кәсіпкер.Сәуле Нұрбергенованың адвокаты да барлық құжаттарды көрсеттік, қаржы директорының бір серіктестігі мен екі жеке кәсіпкердің есепшотына ақшаны мақсатсыз аударғаны белгілі болды. Барлық құжаттарда 187 млн теңгенің жымқырылғаны анықталып отыр. Прокуратураның бұл істі жабуына негіз жоқ, дейді адвокат.
Алмаз ОРЫНҒАЛИЕВ, адвокат:
- Біз барлық қажетті деректерді тізіп тұрып, көрсетіп жазып бердік. Жымқырылған ақша мақсатсыз жұмсалған. соның өзінде мұны құқық қорғаушылар жоққа шығарды. Іс заңсыз тоқтатылды деп ойлаймын.
Кәсіпкер жатахана салу үшін серіктестік атынан 800 млн теңге несие алыпты. Айына 33 млн теңге төлеймін. Осы іске байланысты келесі жобаны бастай алмай отырмын. Мемлекеттік субсидия да бөлінбеді. Несиені қайтару қиын болып барады,- дейді Сәуле Нұрбергенова. Қазір кәсіпкер салып берген жатаханада 400 ден астам студент тұрып жатыр.
Количество показов: 60
Дата создания: 26.12.2024 07:27:13