Ұсталар көшесінде ағаш үйдің үстіне құлағалы тұр
| Ұсталар көшесінің бойындағы №10 үй тұрғындарының тынышы қашты. Аталмыш үй тұрғындары айдың күннің аманында құлаған ағаш астында қалып қоямыз ба деп қорқады. Базынасын айтып билік өкілдеріне де барған. Алайда, атқарушы биліктен әзірге еш қайран болмай тұр. Ұсталар көшесінің бойындағы №10 үй тұрғындары мына бір ағашқа алаңдаулы. Онсыз да қурап, құлағалы тұрған терек қатты жел тұрса шыдас бермей ортасынан опырылып үйдің төбесіне түскелі тұр. Тұрғындар қураған талды кесуге арнайы техника қажет дейді. Кесіп, теректі тиеп алып кететіндер де табылыпты. Алайда ол үшінде қыруар қаржы қажет. Ал ондай қаражат тұрғындарда әзірге болмай тұр. Осыдан дәл екі жыл бұрын осы үйдің жанындағы газ желісіне қураған ағаш құлаған болатын. Оқыс оқиға таңғы сағат ондар шамасында орын алды. Абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Ал сол кезде ағаштың астында қалып, қатты зақымданған газ желісіне әлі күнге дейін жөні түзу жөндеу жүргізілмепті. Мәселенің мән жайын біз құзырлы орын өкілдерінен білген болатынбыз. Алайда Ақтөбенің жасыл желегіне жауапты тұлғалар бұл қызметтер құзыретімізге кірмейді деп отыр. |
Количество показов: 1955
Дата создания: 03.05.2013 18:52:24