Спорт-денсаулық кепілі
Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде спорт күні аталып өтеді. Мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Аталған мерекеден С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да тыс қалмады. Бүгін олар спорттық кеш ұйымдастырды. Спорт күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада салауатты өмір салтын ұстану - тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызық әрі көңілді екенін көрсетуге бағытталған. Шара барысында фитнес жаттықтырушыларымен қоса, кітапхана қызметкерлері жаттығулар жасап, түрлі эстафеталар жасап, дәрігер мамандарына сұрақтар қойып, жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақыл-кеңестер айтылды.Спорт күні аясында- "Спорт-денсаулық кепілі" атты кітап көрмесі жасақталған. Көрмеде оқырмандар өздеріне ұнаған спорты жайлы мағлұмат алып, салауатты өмір салтын ұстанудағы ақыл-кеңестермен таныса алады.Количество показов: 271
Дата создания: 21.08.2024 09:36:08