Сот үкіміне наразылар пикет ұйымдастырды
100 мың теңге пара алуға оқталды деп айыпталып, 9 жылға темір торға қамалған облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бұрынғы басшысы Асқар Жұрмағамбетовтың туыстары соттың шешіміне наразы. Сотталушының жұбайы мен туысқандары бүгін қолдарына плакат алып, №2 қалалық сот ғимаратының алдында қарсылық шарасын өткізді. Отбасының жалғыз асыраушысы темір торға тоғытылған Жұрмағамбетовтер жанұясы нәзік жандыларының осылай ереуілге шығудан басқа амалдары қалмаған. Үкім шыққан күн тамыздың 20-нан бері сотталушының жұбайы зыр жүгіріп, облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсірген. Елдің бас прокуратурасы, Жоғарғы сот, ІІМ-нің қауіпсіздік кеңесіне де арызданған. Ешбірінен жауап жоқ.
Асқар Жұрмағамбетов облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы болып небары бір жыл жұмыс жасаған. Сотталушының туыстарының айтуынша, Асқардың түрмеге қамалуы біреулерге қажет. Өйткені, айыптаушылардың пара алу сәтінен не бейне, не дыбыстық дәлелдері жоқ. Күзет қызметінің бұрынғы басшысы қазір тергеу изоляторында отыр. Сот оны тоғыз жылға бас бостандығынан айырып қана қоймай, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім еткен. Үш балалы жұмыссыз келіншек енді үйінен айырылса, далада қалады.
|
Количество показов: 1939
Дата создания: 13.09.2013 18:18:05