Әскери борышын өтегендер ант қабылдады
1 айда әскери борыштарын өтеп шықты. Бүгін облыстық әскери-техникалық мектептің алғашқы тыңдаушылары әскери ант қабылдады. 30 жігіттің бәрі- бұрын-соңды әскер қатарында болмағандар. Әскери курс осыдан бір ай бұрын ашылды. Алғашқы қабылданған 30 адам, түрлі себептермен әскерге бара алмағандар. Денсаулығының жарамсыздығынан, отбасылық жағдай немесе әскерде қызмет етуді кейінге шегергендер. Әскер саласындағы бұл жаңашылдық Үкіметтің қаулысына сай жүргізіліп отыр. Облыстық әскери-техникалық мектепті 30 жігіт бітіріп шықты. Бір ай бойы олар әскери сапта жүру, қарудан ату, жауынгерлік әдіс-тәсілдерді меңгерді. Қайрат Құбаев- Қобда ауданынан келген. 25 жастағы жігіттің жоғары білімі бар. Денсаулық жағдайына байланысты әскерге қабылданбаған. Әскери-техникалық мектептердің ашылуы жігіттерге өзін сарбаз сезінуге мүмкіндік береді дейді ол. Мектеп директоры Әбдурәшит Саттаровтың айтуынша, әр сарбаз Үкіметке 211 мың теңгеден төлейді. Бұл қаржы тамаққа, киімге және жанар-жағар майға жұмсалады. Мектепте барлығы әскери тәртіпке сай білім алады. Облыс бойынша жыл аяғына дейін 120 жігіт әскери билет алмақшы. Мектеп басшылығы әр лекте 30 адамды дайындап шығуды жоспарлап отыр. Дәрісті зейнетке шыққан, бұрын осы салада жұмыс істегендер және әскери мамандар жүргізеді. |
Количество показов: 2286
Дата создания: 30.09.2013 18:42:45