Әскери қалашықтағы үйлерге пәтер иелері копперативі қажет
Қаланың әскери қалашық бөлігіндегі үйлерге пәтер иелері копперативінің қызметі ауадай қажет. Мұны № 17 үйдің тұрғындары өздері қалап отыр. Екі қабатты ескі үйде 20 жылдан бері өз пәтер иелері кооперативі жоқ. Себебі 12 пәтерлі үйді қарамағына алуға бірде бір кооператив құлық танытпапты.
Әскери қалашықтағы мына №17 үйдің іргетасы осыдан 60 жыл бұрын қаланған. Ескі үйдің тұрғындары жақында өз күштерімен қаржы жинап үйдің төбесін ауыстырып алыпты. Негізінен әскерилер, зейнет жасындағылар тұратын үй ел қатарлы пәтер иелері кооперативіне өтпеген. 1965 жылдан бері осы үйде тұратын Михаил Курницкий жергілікті мекемелерге осы мәселені айтып барған. Алған жауабы мардымсыз. Екі қабатты үйдің 12 пәтеріне қызмет көрсетуге кооперативтер құлықсыз. Сондықтан жасы 80-ге келген қария ескі үйдің шаруасын түзеуді өз мойнына алған. Қалада кондоминиумдардың қызметін ұсынатын мекемелер жетерлік. "Табыс-Ақтөбе" ЖШС директоры Мәндібай Мақтаевтың айтуынша, соңғы жылдары пәтер иелері кооперативі қызметіне ұсыныс түсіретін тұрғын үйлердің саны артқан. Әскери қалашықтағы №17 үймен қатар көршілес тұрған №21 үй де біраз жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жақында тұрғындардың 80 пайызы келісімін берсе ескі үйлер копперативке өтуі мүмкін.
|
Количество показов: 2392
Дата создания: 26.08.2013 18:29:28