Әскер қатарына Ақтөбеден 1 мың сарбаз аттанады
Көктемгі шақырылымда Ақтөбеден әскер қатарына 1 мыңнан астам сарбаз аттанады. Биыл қарулы күштер қатарына қабылданатындарға қойылатын талап та күшейген. Мәселен президенттік гвардия сапында боршын өтеуге ниетті жастардың бойының ұзындығы 178 см-ден кем болмауы шарт. Дәрігерлердің қабылдауына келгендердің қатарында денсаулығынан кінәрат табылып, кері қайтып жатқандар да баршылық. Осыдан бірнеше жыл бұрын сарбаздардың басым көпшілігінің салмағы сын көтермесе, ал қазіргі қарулы күштер қатарына қабылдануға ниеттілердің қатарында майтабандар жеткілікті. Дегенмен болашақ жауынгерлердің 90 пайызының денсаулығы жарамды. Қазіргі қарулы күштер қатарына қабылданушыларға қойылатын талап та күшейген. Болашақ сарбаздың алдымен орта білімі болуы шарт, сондай-ақ спорттық жарыстарда топ жарып, жетістіктерге жетіп жүрген жастар да мұнда жоғары бағаланады. Сондай-ақ болашақ сарбаз психологиялық және моральдық тұрғыда дайын болуы үшін оның отбасы мүшелерінің толық, бауыры бүтін болуы да маңызды. Әскерилер жанұя жағдайы жақсы адамнан ғана нағыз жауынгер шығатынын айтады. |
Количество показов: 2146
Дата создания: 02.04.2013 18:45:46