Шымкент түбіндегі 27 адамның қазасы ақтөбеліктерге де ауыр тиді
Шекара қызметінің №2030 әскери бөлімі алдына бүгін қаралы гүл апарылды. Алыстағы ағайынның қайғысын бөлісіп жатқан "Нұр Отан" ХДП АОФ өкілдері мен жергілікті журналистер. Жиналғандар тізе бүгіп, қара жер жастанған арыстарымыздың рухына тағзым жасады. Алыстағы ағайынның қайғысын бір анадан туғандай бөлісіп жатыр. Сырттағы әрекетке №2030 әскери бөлім ешқандай әсер білдірмеді. Күзет басшылықтың қызмет орнында жоқ екенін ескертті. Ол түсінікті де. Шекарашылардан маза қашқалы қашан. |
Количество показов: 2266
Дата создания: 26.12.2012 19:50:22