Шомылу маусымы әзір емес!
Жаздың басталуына санаулы күн қалды. Әйтсе де, Ақтөбеде әзір суға түсуге рұқсат етілмейді. Құтқарушылар шомылу маусымына дайындықтарын пысықтап жатыр. Көктемгі су тасқыны салдарынан өзен-көлдердің тереңдігі өзгергені анық. Қауіпсіздік маңызды,-дейді төтеншеліктер.Су сенің досың және дұшпаның деген сөз бар. Суға түсу маусымы жақындап келеді. Әзірге төтенше жағдайлар департаменті суға түсуге рұқсат бермей отыр. Оған себеп- көктемгі топан судың әлі де жағажайдан кетпей тұрғаны.
Төтеншеліктер ата-аналарға үндеу жасады. Жазғы каникул кезінде ойын баласының әр қадамын бақылау маңызды. Қатер аяқ астынан екенін естен шығармаған жөн. Су жағасына барғанда баланы қараусыз қалдырмаңыз. Өзіңіз жұмыста болған жағдайда да, баланы тексеріп отыру маңызды. Былтыр су айдындарында қайғылы оқиға көп болды. 11 адам суға батып кетті, тоғызы бала.
Қаламызда суға түсуге арналған 18 ресми жағажай бар. Оның біреуі коммуналдық, яғни тегін, 2- аквопарк тіркеулі, қалғандары жеке жағажайлар. Тағы да ескеретін жайт, биыл суға түсу маусымы сәл кешіктіріледі. Толығырақ мағлұматты ТЖД инстаграм парақшасынан білуге болады.
Количество показов: 333
Дата создания: 29.05.2024 05:08:12