Шегірткеге қарамастан Ақтөбе мол астық жинауы тиіс
Егінжайларды шегіртке қаптайтын кезең өтті. Қамданып, дақылға тойған жәндіктердің қазір тұқым көбейту кезі. Мұндай кезде шегірткелер егінге ешбір қауіп төндірмейді, дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімінің бастығы Мұрат Есмағанбетов. Алайда, маусым айында қала ішіне дейін кірген зиянкестердің егістіктің қанша гектарын жеп бітіргені белгісіз. Биыл облыста 494 мың гектар жерге дақыл себілген. 380 мың гектар бидай, 96 мың гектар арпа, 10 мың гектар тары мен сұлы, 5 мың гектар картоп және 2 мың гектар көкөніс егілді. Егістіктің жалпы аумағы былтырғыға қарағанда 80 мың гектарға аз. Соның өзінде мамандар биыл астық түсімінің жақсы болатынын болжайды. Егіннің қазіргі жағдайы көңіл көншітсе де, шілденің шіліңгір ыстығын ұмытпаған жөн. Нақ осы кезде ылғалдың мол болғаны егінге жайлы дейді мамандар. |
Количество показов: 2027
Дата создания: 09.07.2013 18:26:45