Шалқарда жанжалдасқан жігіттер бір-біріне оқ атты
Шалқарда тағы да шу. Бір топ жігіт арадағы кикілжіңді шолақ мылтықтың көмегімен шешпек болған. Атыс салдарынан үш жігіт жарақат алды. Ал, тіркелмеген қаруды қолына ұстаған жасы 18-дегі бозбала қазір қамауда. Қару қолданып бұзақылық жасағандардың жазасы - заң бойынша 3 -7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бұзақылық оқиғасы маусымның 27-де түнде тіркелген. Екі топқа бөлінген жігіттер арадағы дүрдараздықты шешу үшін Шалқар қаласындағы бір мектептің маңына жиналыпты. Жастар қақтығысы кезінде бозбаланың бірі аңшы мылтығынан жасалған шолақ мылтықтан оқ атқан. Еш жерде тіркелмеген, 16 -шы калибрлі шолақ мылтық кейін балабақша ауласындағы бұталардың арасынан табылды. Тергеушілер жәбірленушілердің бірінің үйінің ауласынан да тегіс оқпанды мылтықты тауып алған. Ал, қақтығыс орын алған жерден гильзалар мен екі ұялы телефон анықталды. Табылған заттар айғақ ретінде қылмыстық істің материалына қосылды. |
Количество показов: 1927
Дата создания: 01.07.2013 17:50:45