Шалқар ауданында жүк пойызы аударылды
Оқиға болған жерге "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның екі қалпына келтіру , 2 өрт сөндіру пойызы мен 49 маман, төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 9 маманы, жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері жіберілген. Темір жол бойындағы электр қуаты ажыратылған. Жалын тұтанбас үшін жанғыш сұйықтық төгілген аумаққа көбік шашылған. Жолаушылар қатынасын жандандыру үшін рельстерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Количество показов: 746
Дата создания: 26.02.2021 20:21:38