Шағын және орта бизнес өкілдері РOS - терминал орнатуға міндетті
Шағын және орта бизнес өкілдері қолма - қол ақшасыз төлем жүргізу үшін РOS - терминал орнатуға міндетті. Салық органдары бұл талаптың орындалуын жыл аяғына дейін қадағалайды. Шевкет Отен -Түркиядан өңірімізге жиһаз тасымалдайтын жеке кәсіпкер. Оның елінде РOS - терминал кеңінен қолданыста. Алайда Ақтөбе, Атырау, Орал, Қостанайдағы сауда үйлерінде ол тұтынушылардан қолма - қол ақшамен есептесіп үйренген. Осы уақытқа дейін төлем карточкасын пайдаланғандар аз дейді кәсіпкер. Жыл басынан бері шыққан салық жүйесіндегі өзгерісті халықтың 50-60 пайызы өз игілігіне жаратып жатса ғана РOS - терминалды орнатуға келісімімді беремін дейді шетелдік азамат. Әліптің артын бағып, РOS - терминал орнатуды кешеуілдетемін дейтін кәсіпкерлер баршылық. Олар банк арқылы жүзеге асырылатын операция үшін тиын - тебеніміздің пайыздық мөлшерін жоғалтамыз деп алаңдайды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпкерлер, базар саудагерлері және жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс жасайтын заңды тұлғалар РOS - терминал орнатуға міндетті емес. Терминал заңды құжатпен рәсімделеді. Шағын және орта бизнес өкілдері қолма - қол ақшасыз төлем жүргізу үшін РOS - терминал орнатуға міндетті дейді құзырлы орган өкілдері. Талап орындалмаған жағдайда жеке және заңды тұлғалар 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінен жоғары айыппұл төлейді. Қаладағы 12 ірі сауда үйінде РOS - терминалды дұрыс тіркеу, қолдану төңірегінде ескерту плакаттары ілінген. Ал бүгін салық басқармасы қызметкерлері "Алатау" сауда үйінде болып, жеке кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. |
Количество показов: 2153
Дата создания: 24.05.2013 17:35:41