Шағын коммуналдық базарларда жергілікті көкөністер төмен бағамен сатыла бастады
Қаладағы шағын коммуналдық базарларда жергілікті көкөністер сатылуда. Халық күнделікті көп тұтынатын картоп, сәбіз, жуаның бағасы мұнда 5 теңгеге төмен. Аталған өнімдер бес шағын коммуналдық базарға тек жергілікті көкөніс сақтау қоймаларынан жеткізіледі. Қарашадан бері көкөніс сақтау қоймасындағы 25 тонна жергілікті картоп сатылған. Жергілікті өнімдер негізінен қаладағы бес коммуналдық базарға 2-3 күнде түсіп тұрады. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Анар Даржанованың айтуынша, қыс түсісімен көкөністің бағасы өсіп кетуі қалыпты құбылыс. Естеріңізде болса, сыйымдылығы 2 мың тонна болатын "Ақтөбе Көкөніс" АҚ-ның көкөніс сақтау қоймасы желдеткіш, салқындатқыш жүйесімен қамтамасыз етілген. Соған байланысты картоптың бағасы арзандай қоймайды. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында қаланың орталық көшесінде орналасқан коммуналдық базарға бас сұқты. Шағын базарда жеміс-жидек пен көкөніс, ет сатылады. Мұнда жергілікті картоп 60 теңгеден өткізілуде. Алма мен мандарин 250, жылқының еті- 1300 теңгеден. Қазының бағасы 1700 теңгеге белгіленген. Биыл республикалық бюджеттен облыс бойынша тұрақтандыру қорына өнімдерді арзан бағамен сатып алуға 596 млн. теңге бөлінген. Картопты сатып алу бойынша жергілікті «Садық» шаруа қожалығы, «Пригородный» ЖШС-гімен келісім-шарт жасалған. Шаруашылықтардан картоптың келісі 50 теңгеден алыныпты. |
Количество показов: 2326
Дата создания: 25.12.2012 18:58:16