Шаһарды қалың қар басты
Ақшұнақ аяз үстемдік еткенімен биыл қар аз түсті. Әйтсе де, көктемнің келуіне бірер апта қалғанда қала ақ ұлпаға көмілді. Ал тұрғындар болса табиғаттың мұндай тосын сыйына дән риза. Ауа тазарып, қыстың сәні кіріп қалды, дейді. Коммуналдық мекемелер болса таңмен таласа шаһарды қар құрсауынан шығаруға кірісті. Мәселен, мынау Ы.Алтынсарин мен Т.Ахтанов көшелерінің бойы. Тұрғындар тек автожолдарды ғана емес, жаяу жүргіншілер жолы да да назарға алынса екен, деген тілектерін білдіріп жатыр. Әсіресе, таңғы мезгілде жұмысқа жету мұң. Қарға батқан жүргіншілер ақ ұлпадан аяқ алып жүру мүмкін емес деп отыр.Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, қар шығару жұмыстарына қала бойынша 350 бірлік техника тұр. Ал қар аршу жұмыстарына 250 адам жұмылдырылған. Олар 2 бригадамен күндіз және түнде екі кезеңге бөлініп жұмыс істейді. Қазір арнайы техника көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға тұз аралас құм шашуда.
Количество показов: 88
Дата создания: 18.02.2025 10:17:43