Ұшқыш болғысы келетін қыздар көп
Білім саласындағы жаңашылдық әскери оқу орындарын да айналып өтпейді. Қазір оқу мерзімін ұзарту мәселесі шешілуде. Егер жаңашылдық енгізілетін болса, Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының курстанттарына 5 жыл оқуға тура келеді. Мұның бір артықшылығы - әуеде ұшып үйренуге қосымша уақыт бөлінеді. Институт өткен жылы жүзге жуық түлекті ұшырса, биыл 170 адам қабылданған. Қызығушылық үлкен. Тек Қазақстан ғана емес, әрісі Қырғызстан мен Түркіменстаннан келіп, оқуға ниет білдіргендер бар. Білім алу-тегін, толықтай мемлекет қаржыландырады. Әуеге ұшудың қыр-сырын курстанттар екінші курстан бастап меңгере бастайды. Қазір институттың базасында 8 Л-39 ұшағы, 6 МИ-8 тікұшағы бар. Институт 9 мамандық бойынша маман әзірлеп шығарады. Биылғы оқу жылынан бастап әуе тасымалы мамандарын даярламақ. Ұшқыш болу ерлердің ғана ісі емес. Берік Кемалов соңғы уақытта курсант болуға ниет білдірген қыздардың көбейгенін айтады. Алайда, әзірге оқу орнында ондай мүмкіндіктер қарастырылмаған. Әлемдік тәжірибеде ұшақты тізгіндеген арулар сирек. Сап түзеген жігіттер- биыл қабылданған курсанттар. Бір айдан бері әскери тәртіпке бой үйретіп жатыр. 1-қыркүйек күні салтанатты түрде әскери ант қабылдайды. |
Количество показов: 2993
Дата создания: 28.08.2012 19:10:58