Ш. Уәлиханов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
"АтырауИнжСтрой АИС” серіктестігі қала бойынша 15 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Солардың бірі Шоқан Уәлиханов көшесіне асфальт жабындысын төсеу. Көшенің жалпы ұзындығы - 1 260 метр, яғни 19 мың шаршы метр. Қазір Әйтеке би мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысынан орталық базарға дейінгі аралық жабық тұр.Әрі орталық, әрі автокөлік көп жүретін көшелердің бірі болғандықтан, жол құрылысы жұмыстары автокөлік жүргізушілеріне де келеңсіздік туғызуда. Бірақ асфальттың сапалы жатуы үшін өзіндік ережелері бар дейді,- мамандар. Яғни ауа-райының қолайлы болуы, сонымен қатар жаңа құйылған асфальт бір тәулік бойы қатып тұруы керек.Бұл көшеде бордюрлерді, суағарларды ауыстырып, тротуарларды жөндеу жоспарда бар. Қазір қалыңдығы 6 см ірі түйіршікті асфальтбетон жабындысы төселуде. Мұның үстіне тағы қалыңдығы 5 см болатын полимерлі негізде жасалған қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон төселеді. Жалпы 11 см. асфалтбетон төселеді. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Количество показов: 271
Дата создания: 10.09.2024 09:03:04