Үшінші қабаттағы тұрғын үй маңына гүл екті
Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы №27 үй тұрғыны Валентина Веревкина терезесінің тұсын гүлдендіріп қойды. Биыл көктемде қолға алған игі іске билік қолдау көрсетіп, ал көршілері таңдай қағысты. Жиырмадан астам ағаш көшеті, саналуан гүл қаламыздың бас даңғылына ерекше сән беріп тұр. Биліктен қолдау тапқан азаматша былтыр көктемде қара топырақ тасып, жерін қопсытып, тыңайтқыштар сеуіп қамданған. Көгалдандыру жұмыстары өз нәтижесін берді. Олыс әкімдігі ғимаратына қарсы орналасқан тұрғын үйдің сыртқы келбетіне сән бітті. Валентина Веревкинаның үшінші қабатта орналасқан пәтері терезесіне дейін шырмауық қаулап өскен. Гүлдердің саналуан түрі алыстан көз тартады. Қарағаш, жұпаргүл, алма, өрік ағашы бой түзеген бұл аумақта. Шаһарымыздың шырайын асырған Валентина Веревкина өзінің көңілі қалаған ісін қалайда жалғастырмақ. Кедергі келтірмек болған кәсіпкердің әрекетін сотта әшкерелеп, бейнетінің пайдалы екенін дәлелдеп шығатынына сенімді. Валентина Веревкина енді көлік жолдарының шетіне де ағаш отырғызбақшы. |
Количество показов: 2337
Дата создания: 16.09.2013 18:16:55